Басшының құттықтау сөзі

Құрметті қауым! Қадірменді қонақтар!

 

Астана қаласы Мұрағаттар және құжаттамалар басқармасының ресми сайтына қош келдіңіздер.

Қазіргі уақытта қоғам өмірін одан әрі жан-жақты қалыптастырудың талаптарында мұрағат ерекше рөл атқарады, кез-келген мемлекеттік құжаттамалық – деректі ескерткішін сақтап, ақпараттық қорын толықтырып, ауқымды әлеуметтік қызметтерді ұсына отырып, азамат пен мемлекет үшін өмірлік маңызды істі атқарады.

Мұрағат – ел тарихы, қоғамдық өмірде болып өткен айтулы оқиғалардың айқын шежіресі. Бүгінгі таңда ол өткенімізді тірілтіп, кеше болған оқиғаларды зерделеуде баға жетпес рөлге ие болып отыр. Мұнда жинақталған бағалы құжаттарды көптің ортақ игілігіне айналдыру, құнды жәдігерлерді көздің қарашығындай сақтап, келер ұрпаққа ұсыну – тарих алдындағы басты парызымыз.

Астана қаласын Мұрағаттар және құжаттамалар басқармасының ұжымы Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, мол бақыт және сарқылмас табыс тілейді. Елімізде әрдайым бейбітшілік, татулық, береке мен бірлік болып, Тәуелсіздігіміз баянды болсын!      

Мұрағаттар және құжаттамалар басқармасының бастығы,

                                Б. Баймағанбетова


Азаматтарды қабылдау графигі:

сәрсенбі, сағат  16.30 - 18.00

 




   
www.astana.kz
   
Автокөлік бағдарлары
   
Қала картасы
Карта Астаны
   
Байланыс орталығы